(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІ...

Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөнінде ведомствоаралық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 141-ө Өкімі

 

Осы редакция 2016 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 786 Жарлығына сәйкес және Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында:

1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.

 

 

Премьер-Министр

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2015 жылғы 18 желтоқсандағы

№ 141-ө өкімімен

бекітілген

 

 

Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық кеңес туралы
ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Кеңес Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында құрылды.

3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

5. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.

 

 

2. Кеңестің міндеттері

 

6. Кеңестің міндеті:

1) су шаруашылығы саласындағы саясаттың ұлттық басымдықтары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.